Гараж.
Жүр балам деді әкесі, ұрадан азық алайық,
Ертерек барып келмесек, кеш түсті қас қарайып.
Қыс келіп елге қаһарлы күбесін күздің бұзғанды,
Сығымдап бүрген жаһанды, желтоқсан еді ызғарлы.
Анаңда бүгін жұмыста, тынған ба сірә тірі адам,
Қам жасап кешкі тамаққа, алайық азық ұрадан.
Жол бойы әке ұлына тіршілік жайлы толғанды,
Шүкір деп құдай мұныңа, гаражды ашпақ болғанды.
Гаражды ашып әкесі, сыйпады ескі көлігін,
Ұраны нұсқап қолымен, түс деді мұнда сен ұлым.
Ұрадан керек картопты, жыя бер балам деді де,
Жөнелді өзі көршіге, құттықтау айтып келуге.
Көршісі екі досымен, сіміріп арақ жатқанды,
Шайтан су енді бұғанда, салды тұсау қақпанды.
Қосылды келіп қатарға, жоқ деуге қайда тағаты,
Баланы мүлде ұмытып, таң ата төсекке жатқан-ды.
Араққа ашып аранын, түс әлеті әрең жыйды есін,
Сілкісе арақ санасын, өз еркін қалай билесін.
Қайда деп балам бір кезде селк етіп жаны бұлқынды,
Адамдай бейне жын кезбе, гаражға қарай ұмтылды.
Бозара түсі сұрланып, сақылдап тісі дірілдеп,
Гаражға қарай жынданып жүгірді қайда, ұлым деп?
Есігін ашты сарайдың, үрейде енді ілесіп,
Сазарып жүзі ақ-айдын, баласы жатыр сіресіп.
Арақтың арам зарқынан, өмірдің күні батыпты,
Көзінен аққан ыстық жас, аязда мұз боп қатыпты.
Анасы жоқ үйінде, жұмыста еді күн-түні,
Баласын жап жас күйінде, өлтірді-ау, әке құлқыны.
Боздады балам балам деп, аймалап баласын ақтаңдай,
Не жаздым әке саған деп, баласы сөйлеп жатқандай.